Байұлы BETA
Кіші жүз құрамындағы қазақ руы. Шежіре энциклопедиясында — 708 060 адам.
Ру шежіресін көруРу туралы
Байұлы — Кіші жүздің ең көп санды бірлестігі, он екі ру: Адай, Алаша, Байбақты, Беріш, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Таз, Тана, Шеркеш, Ысық. Жері — Қазақстанның батысы: Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары, Каспий маңы, Жайық пен Жем бойы. Шежіре бойынша байұлылар, Әлімұлы сияқты, Алшынның ұрпақтары. Байұлы руларынан Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы шыққан.
Ру туралы мәліметтер ашық дереккөздерден жиналды. Нақтылауыңыз немесе ескертпеңіз болса — беттің оң жақ төменгі бұрышындағы сұрақ белгісі (?) бар түймені басыңыз.
Шығу тегі туралы аңыз
Аңыз бойынша Байұлының он екі ұлы болған, олардан бірлестіктің он екі руы — «он екі ата Байұлы» — тараған. Байұлы мен Әлімұлы — Алшынның ұрпақтары, бір нұсқа бойынша Кіші жүздің бөлінуінің өзі содан басталады. Он екі рудың әрқайсысы өз ұраны мен өз тамғасын сақтаған.
Рудың белгілі адамдары
- Сырым Датұлы · 1753–1802
батыр, көтеріліс басшысы (Байбақты) - Исатай Тайманұлы · 1791–1838
батыр, көтеріліс басшысы (Беріш) - Махамбет Өтемісұлы · 1803–1846
ақын (Беріш) - Құрманғазы Сағырбайұлы · 1823–1896
күйші (Қызылқұрт) - Бекет ата · 1750–1813
сопы, Маңғыстаудың әулиесі (Адай)
Рудың түп аталары
Энциклопедиядағы рудың алғашқы буыны. Сол адамнан шежіре ағашын ашу үшін есімін басыңыз.
Жүздің басқа рулары
Сіз Байұлы руынан боласыз ба?
Өз шежіреңізді құрып, оны Энциклопедиямен жалғаңыз — тегіңіз ортақ ағаштағы ата-бабаларыңызбен жалғасады.
Шежіре құру