Қазақ шежіресі
Тарихнамалық-деректанулық зерттеу (монография)
- Автор
- Алпысбес М.А.
- Год издания
- 2018
- Издательство
- Эверо, Алматы
- Идентификатор (ISBN / код)
- 978-601-7376-12-3
Описание
Кітаптың негізгі мәселесі — шежіре тарихнамасы мен деректері. Қазақ шежірелері генеалогиялық ақпарат жүйесін, дәстүрлі тарихи сана мен тарихи таным кешенін құрайды. Еңбектің теориялық және методологиялық іргелі негізі ретінде тарихнамалық зерттеулер, деректану саласы бойынша жасалған отандық және шетелдік ғалымдардың салмақты тұжырымдары, ғылымда қалыптасқан тарихи-деректік сыныптау жүйесі алынған, талдаулар жасалған. Шежірелерде көне аңыздар, жер-су аты туралы, халықтың шығу тегі, рулардың қалыптасу тарихы туралы мәліметтер бар. Халықтың әйгілі тұлғалары — билер, хан, сұлтандар, мырзалар, батырлар, атақты ақындар туралы деректі де тек шежіре арқылы табуға болады. Халық шежірелері, ескі сөзі мен тарихи жырлары — қазақ қауымының рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы шындықты айтатын маңызды дерек көзі. Кітап тарихшыларға және жалпы оқырман қауымға арналады.
